Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Өміржан – республикалық турнирдің чемпионы

Жақында Атырау қаласында қазақ күресінен Батыс аймақтық турнирі өтіп, оған қатынасқан Қызылқоға балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің Көздіғара бөлімшесіндегі жас балуандары 3 алтын, 2 күміс еншілеп қайтты.

Атап айтқанда, Азамат Дәулетбай, Зейін Ғанибет, Қайыр Диастар алтыннан алқа тақса, Әділет Серікбаев пен Ернар Еламанұлы екінші орынға ие болды.

Сонымен қатар, 1-3 наурыз аралығында Петропавл қаласында өткен қазақ күресінен республикалық турнирде Өміржан Байбосынов 55 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Осы орайда,жеңімпаз балуандарды баптаған Қызылқоға балалар-жасөспірімдер спорт мектебі Көздіғара бөлімшесінің жаттықтырушысы Жарасхан Ізімқұловтың еңбегі зор.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521