Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

КӨШЕАРАЛЫҚ ЛИГАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

Өткен аптада Миялы спорт кешенінде кіші аяқ добынан тұрғындар арасында көшеаралық турнир өтті.

Оған, ауыл арасындағы ықшам аудандардан барлығы жеті команда қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген жарыс тартысқа толы өтті. Жартылай финалға екі топтан төрт команда шығып финалдық кезеңге өту ойындарын өткізді.

Алдымен, «Мөлтек» пен «Керуен» командалары кездесіп 2:5 есебімен керуендіктер пайдасына шешілсе, «Телевышка» және «Дидар» командалары арасында өткен тартысты ойында «Телевышка» ауылының спортшылары 2-1 есебімен жеңіске жетті.

Финалдық кездесуде «Телевышка» «Керуен» командасын 5:2 есебімен жеңіп, жарыс жеңімпазы атанса, «Дидар» командасын 11:5 есебімен жеңген мөлтектіктер үшінші орынды иеленді.

Нұрәділ ЕЛАМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521