Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ел біріншілігінен қола жүлде

Сәуір айы қызылқоғалық палуандар үшін сәтті басталды. Алдымен парадзюдошылар Қызылорда қаласында өткен халықаралық турнирде жеңіс тұғырынан көрінсе, өткен жексенбі күні даңқты жерлесіміз Наурызбек Майлашев тағы бір байрақты бәсекеде жүлдегер атанды.

Дәлірек айтсақ, 5-7 сәуір аралығында Семей қаласында самбодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын. Сол жарыста 74 келіде бақ сынаған Наурызбек Алматы, Жамбыл облысының балуандарын ұтып, артынша қызылордалық боз кілем шеберіне ұтылып қалды. Ал, үшінші орын үшін болған белдесуде қарағандылық спортшыны жеңіп, ел біріншілігінің қола жүлдегері атанды. Айта кетейік, бұл Наурызбек жаңа салмақтағы алғашқы жетістігі. Енді ол жаңадан жасақталған ел құрамасы сапында Азия, Әлем чемпионаттарында ел намысын қорғайтын болады.

Дулат БЕРІКҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521