Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Дидар» командасы жеңімпаз

Өткен айда бастау алған дүбірлі «Миялы Лигасы» ойындары өз мәресіне жетіп, турнир жеңімпазы анықталды.

Көшеаралық лиганың чемпиондық атағын – «Дидар» құрама командасы иеленді. Аталмыш лигада Миялы ауылының әр ықшам аудандарынан құралған барлығы 7 команда бақ сынады. Жарыс барысында барлық команда деңгейі бірдей болды. Десе де, «Дидар» командасының бабы мен бағы қатар келіп, байрақты бәсекенің жеңімпазы атанды. Ал, екінші орынды «Мөлтек» командасы иеленсе, үшінші орын «Керуен» командасына бұйырды. Жарыс қорытындысы өткен аптаның жұмасы күні арнайы ұйымдастырылған спортшылардың төл мерекесінде сарапталып, жеңімпаз-жүлдегерлер қатарынан көрінген командаларға естелік сыйлықтар мен медальдар, кубоктар табыс етілді. Кубок тапсыру рәсімі белсенді жанкүйер Райымбек Якуповқа бұйырды. 

Сондай-ақ, барлық ойында төрешілік еткен қазылардың еңбегі де елеусіз қалмады. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жарас Есенғалиевтың алғыс хатымен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды. Ал, доданың «Үздік қақпашысы» атағына «Дидар» құрамасының ойыншысы Рахымжан Бауыржанұлы ие болса, «Үздік қорғаушы» атағын «Керуен» командасының ойыншысы Шыңғыс Иғали иеленді. Сондай-ақ, турнирдің «Үздік шабуылшысы» номинациясын «Мөлтек» командасының үздік ойыншысы Сұңғат Закарияев еншіледі. Ал, жарыстың «Үздік ойыншы» номинациясы «Дидар» құрамасының ойыншысы Марлен Қуанаев лайық деп танылды. Осылайша, бір ай көлемінде Миялы ауылының тұрғындарын дүбірге бөлеген «Миялы Лигасы» барша спорт сүйер қауымға керемет әсер сыйлады.

Нұрәділ ЕЛАМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521