Аналардан алғыс алды

Ауданымызда «Zhasproject» жобасының жеңімпаз командалары «Ақниет» сүт өнімдері мен «Ақ мол болсын» сүт өнімдері жобасы көпбалалы аналарға, жалғызбасты аналарға, аз қамтылған отбасыларға тегін сүт өнімдерін таратып жатыр.

Әлеуметтік жоба жеңімпаздары ірі қарадан қаймақ, құрт, ірімшік, сүзбе, айран сынды табиғи өнімдерді өндіріп, екі айдан бері аталған отбасыларға жәрдемдесуде. Қазіргі таңда «Ақниет» сүт өнімдері 16 отбасыны, оның ішінде 45 адамға өз өнімдерін таратып үлгерсе, «Ақ мол болсын» жастары екі айда 32 үйді сүт өнімдерімен қамтамасыз етті.

zhaspro2

Ал, «Ақниет» сүт өнімі тобының көшбасшысы Қайрат Махметовтың айтуынша, алты ай ішінде команда 80 үйді сүт өнімдерімен қамтамасыз етуді жоспарлап отырса, «Ақ мол болсын» командасы алты айда 100 отбасыны қамтамасыз етуді басты мақсат етті. Сондай-ақ, жоба жеңімпаздары тарапынан қамқорлыққа алынған отбасылардың ішінде, көп балалы аналар мен жалғызбасты аналарға ерекше көңіл бөлуде. Осылайша, түрлі өнімдермен ауыл халқына көмегін көрсетіп жатырған жас кәсіпкерлер барша тұрғындарды қуантуда.

Нұрәділ БИЖАН

Айымгул Жалғасқызы

Күнтізбе

октября 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031