banerkzbig

БОКСШЫЛАРДЫҢ АЙТУЛЫ ЖЕҢІСІ

Мақат ауданының 95 жылдығына орай бокстан жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған облыстық турнирде Атырау қаласы мен жеті ауданның боксшылары сынға түсті.

Аталмыш жарысқа, Қызылқоға балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде шынығатын боксшылар да қатысып, жүлдемен оралды. Атап айтқанда, 50 келі салмақта миялылық Қуаныш Есболайұлы шаршы алаңда қарсылас шақ келтірмей турнир жеңімпазы атанса, Ерасыл Меңдіғали (28 келі, Миялы), Асылбек Мақатбай (42 келі, Сағыз), Қайсар Айболұлы (42 келі, Миялы), Нұрдәулет Нұрмағамбеттер (44 келі, Сағыз) жарыста үшінші орынға қол жеткізді.

Осы тұста, Миялы спорт кешені мен Сағыз дене шынықтыру-сауықтыру кешеніндегі жасөспірімдерді шаршы алаңда шыңдап жүрген миялылық жаттықтырушы Мейіржан Сабиров пен сағыздық жаттықтырушы Еркін Тұрғановтың ерен еңбектерін айта кеткен жөн. Аталмыш спорт түрі ауданымызда енді қолға алынып жатқаны бәрімізге мәлім. Аудан намысын шаршы алаңда қорғап жүрген жерлес боксшылардың алдағы жарыстарына толағай табыстар тілейміз.

Нұрәділ ЕЛАМАН

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig