banerkzbig

Абдулманап атыраулықтармен кездесті

Еркін күрестен КСРО спорт шебері, Ресей Федерациясының еңбегі сіңген жаттықтырушысы Абдулманап Нурмагомедов Атырау облысының жасөспірімдерімен кездесті, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

spo

Еркін форматтағы кездесу «Жастар жылына» орай «Жастар спорт fest» жобасы аясында ұйымдастырылды. Кездесуде атыраулық жас спортшылар Абдулманап Нурмагомедовке сұрақтар қойып, бапкердің тәжірбиесінен тәртіп қағидасына негізделген ақпараттармен танысты. Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар Хабиб Нурмагомедовтің жетістік жолы туралы білді.

- Атырау қаласына алғаш келуім емес. Осымен екінші рет келіп отырмын. Қазақстанның атынан шығып жүрген әлемдік деңгейдегі спортшылар жетерлік. Сондықтан жас буынға айтарым, салауатты өмір салтын ұстаныңыздар, - деді Абдулманап Нурмагомедов. Сонымен қатар, кездесуде Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов алда өткізілетін «Жастар спорт fest» шарасының маңыздылығына тоқталды.

- Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы да бұқаралық спортты кең көлемде дамыту керегін жиі айтады. Өйткені, аталған спортта біздің чемпиондардың көп болуы – еліміздің жетістігі. Ал, қазіргі таңда спортшылар арасында жастар белсенділік танытып келе жатыр. Өздеріңіз білетіндей, Елбасымыз биыл «Жастар жылы» деп жариялаған болатын. Елбасымыздың осы жолдауы аясында біз жастар жылын атап өтіп, 4 күнге созылатын шара өткізбекшіміз. Осы шараға арнайы қонақ ретінде келген Абдулманап Нурмагомедовке сіздердің және өзімнің атымнан алғысымды білдіремін, - дейді Ринат Ибрагимов.

Айта кетейік, 27 қыркүйек «Жайық» спорт кешенінде «Gorilla Fighting Champioship 17» халықаралық турнирі өтеді. Турнирге арнайы қонақ ретінде Хабиб Нурмагомедов, Ислам Махачев, Зубайра Тухугов және Дамир Исмагулов сынды атақты спортшылар келеді.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

Жарнама

antikorruptsiya

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig