Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Көшеаралық волейбол додасы басталды

Жақында аудан орталығындағы «Миялы» спорт кешенінде аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен волейбол ойындарынан көшеаралық «Миялы Лигасы» басталды.

Дода да Миялы ауылындағы ықшам аудандардан барлығы жеті команда бақ сынайды. Өткен аптаның сенбісі күні аталмыш лиганың жеребесі шашылып, командалар алдағы қарсыластары мен ойын күнтізбесін анықтады. Лигада «Телевышка», «Дидар», «Мөлтек», «Динамо», «Автобаза Болашақ», «Керуен», «ПМК-Достық» командалары өзара бақ сынайды. Алғашқы ойын «Телевышка» мен «Дидар» командалары арасында өтеді. Командалар өзара толықтай кездесіп болғаннан кейін жеңімпаздар ұпай саны бойынша анықталады. Барша ауыл тұрғындарын тартысқа толы волейбол ойындарынан қапы қалмауға шақырамыз.

Нұрәділ ЕЛАМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521