Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖАН ЖЫЛУЫН СЫЙЛАДЫ

Кенбай орта мектебінде «Өзін-өзі тану» апталығына байланысты «Жүректен жүрекке» акциясы өткізілді.

Акция кезінде мектеп директорынан бастап, пән мұғалімдері ақшалай және заттай атсалысып көмегін көрсетті. Сонымен қатар, ауылда имандылыққа бет бұрған аналар екі оқушыны сырт киіммен қамтамасыз етсе, «Арзан» сауда үйі екі балаға тегін аяқ киім сыйлады. Акция кең ауқымды көлемде өтпегенімен, сол мектеп ұйымының жиналған қаржысына қыстық киім керек деп жазған ата-ана өтініштеріне қарай 8 оқушыға киіммен көмек көрсетілді. Қалған әлеуметтік жағдайларына байланысты 10 оқушыға 5000 теңге көлемінде қаржылай табыс етілді.

Акцияға орай, концерттік бағдарламаға оқушылар мен ата-аналар белсене атсалысып тренингтерге, ойындарға қатынасты. Аталған көмектің барлығы сол шараның үстінде табыс етілді. Абай ақын «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» дегендей, шын ниеттерімен акцияға атсалысып, қол ұшын созып демеуші болған жылы жүректі жандарға өз атымнан және мектеп ұжымының атынан шексіз алғысымды білдіре отырып, олардың еңбектеріне мол табыс, дендеріне саулық тілейміз.

Маржан ЖҮСІПОВА,

Кенбай орта мектебінің әлеуметтік педагогы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521