Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жақсылыққа құмар жамбылдықтар

Еріктілер жылында игі іс атқаруда Жамбыл ауылдық округінің халқы да ерекше белсенді.

Ақпан айында 1999 жылы туған ауыл жастары «Жақсылық жасап жарысайық» атты қайырымдылық эстафетасын бастап, өздері бір отбасыға азық-түлік өнімдерін таратты. Артынша жастар бастаған эстафетаны ауылдың 1967, 1968, 1970 жылы туған азаматтары да қолдап, ауылдағы тұрмысы төмен отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз етсе, 1993 жылы туған жастар екі оқушыға киім-кешек алып берді.

Сондай-ақ, ауыл азаматтарының ауқымды ісінен қалыс қалмауды жөн көрген Жамбыл ауылдық округі әкімі аппараты мен «Қаракөл» мәдениет үйінің қызметкерлері де қайырымдылық жасап, көпшілікке үлгілі іс жасады. Жамбыл ауылдық округінде қайырымдылық эстафетасы әлі де жалғасуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521