Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ауыл азаматтары алғысқа бөленді

Қаңтар айында Миялы ауылының 1983 жылы туған азаматтары «Иман жастары» еріктілері және «Бәйтерек» мешітінің ұйымдастыруымен «Қайырымдылық – қадірлі іс» атты акциясын бастаған болатын.

Алдыңғы аға буынның игі ісін артынша 1984 жылы туған інілері қолдап, артынша қайырымдылық эстафетасын өздерінен кейінгі жас буынға жолдап отырды. Содан бері әр жұма сайын қайырымдылық акциясы өз жалғасын тауып, өткен аптада 1990 жылы туған ауыл азаматтары жалғастырды. Олар акция барысында Миялы мен Жангелдин ауылының тұрмысы төмен он отбасыға азық-түлік пен ішінде медициналық маска, дәрі-дәрмегі бар сөмке таратты.

Сонымен қатар, «Бәйтерек» мешітіне аяқ киім салатын сөре жасатып, сырқаттанып жатқан миялылық тұрғынның еміне 60 мың теңге, ескі мешіттің құрылысына 30 мың теңге ақшалай демеушілік көрсетті. Игі істерін атқарғаннан кейін қайырымдылық акциясын 1991 жылы туған азаматтарға табыс етті. Сондай-ақ, еріктілер жылында қайырымдылық жасаудан миялылық 1976 жылы туған азаматтар да қалыс қалмай, 13 отбасыға және Көздіғара ауылдық округінде салынып жатқан мешіт құрылысына қаржылай көмек берді.

Осылайша, бір жұмада барлығы 23 үй мен мешіт құрылысына қолғабыс еткен ауыл азаматтары алғысқа бөленді.

Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521