Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ТАЙСОЙҒАНДАҒЫ НАУРЫЗ ТОЙ

Ұлыстың ұлы күнін Тайсойған ауылдық округі де сән-салтанатымен қарсы алды. Мәні мен сәні жарасқан мерекені Тайсойған ауылдық округінің әкімі Төреш Қозбақов ашып,ауыл халқын жаңа жылымен құттықтап, жүрек жарды лебізін білдірді.

Бұдан соң, шашу шашылып, ән шырқалып, күй күмбірлеп, мың бұрала би биленді. Ерулік, қазан шегелеу, жарыс қазан секілді салт-дәстүрлерден қойылым қойылды. Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрге сай әдемілік пен сұлулықтың эстетикалық талғамын дамыту мақсатында “Бұрымдылар байқауы” өткізілді.

Онда Райгүл Досқали І орынды, Арайлым Шора ІІ орынды, Аделия Әлиқызы ІІІ орынды жеңіп алды. Ауыл халқына Наурыз тойының ең басты тағамы Наурыз көже мен бауырсақтар ұсынылды. Ұлттық киім киіп келген ауылдың үлкен аналарына сый-сияпат берілді. Той соңы арқан тартыс, кір тасын көтеру, қол күрес сынды ұлттық спорт ойындарына ұласып, шын мықтылар анықталды. Сөйтіп, әз Наурыз тайсойғандықтарға тамаша көңіл күй сыйлады.

Ақнұр ДҮЙСЕНҒАЛИ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521