Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Халыққа қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің жаңадан ашылған тұрғын үй базасына байланысты сұрақтар талқыланды.

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан Корпорация арқылы өтініш берген азаматтардың стандартқа сай қабылданатын құжаттардың толықтығы және өтініш беруші азаматтардың санаты туралы түсінік жұмыстары жүргізілді. Бұл ретте, құжат айналым тек электронды түрде қабылданып жүргізу керектігі сөз болды.

Г.ДҮЗҒАЛИЕВА,

аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық,

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521