Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Республикалық сайыстан жүлде алды

Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл мерейтойына орай QALAMGER.КZ әдеби-танымдық порталы ұйымдастырған І республикалық «Абай оқуларына» мектеп оқушылары бейнеролик арқылы ақынның өлеңдерін жіберген еді.

Жақында сайыстың қорытындысы бойынша өнерімен ерекшеленген жеңімпаз оқушыларға арнайы дипломдар мен жүлделі сыйлықтар келді.

Атап айтқанда, ІІ орын иеленген Аружан Оразбай ұялы телефон, Айзер Райымберді (4-сынып оқушылары, жетекшілері Күлнара Мәтеу) құлаққап иеленсе, Жайнагүл Айдынғали (3-сынып, жетекшісі Рабиға Әміршиева) смарт сағат ұтып алды. Оқушыларды ақын Абайдың өлеңдерін жатқа оқытып, республикалық сайысқа дайындаған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Ақбөпе Қарабалина мен сынып жетекшілерінің еңбектері зор екенін атап өткен жөн.

Жаннат ЕСЖАНОВА,

Кенбай орта мектебі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521