Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЕГЕР КӨЛІГІҢІЗ ӨРТЕНСЕ...

Жақында аудан бойынша автокөліктің өртену фактілерінің көбеюіне байланысты аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, №10, №12 өрт сөндіру бөлімдері, аудандық полиция бөлімі мен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері Миялы, Сағыз ауылдарында автокөліктегі өрттердің алдын алуға және қауіпсіздік ережелерін жеткізуге бағытталған профилактикалық рейдтік жұмыстар жүргізді.

Шара барысында жүргізушілерге өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша үгіт-насихат жүргізіліп, «Көліктегі өрт қауіпсіздігі» тақырыбында жадынамалар таратылды. Автокөліктегі өрттердің негізгі себептері көліктердің техникалық ақауынан және қозғалтқыш бөлігінің тоқ сымдарының қысқаша тұйықталуынан болады. Сондай-ақ, автокөлік жүргізушілері көліктегі тоқ сымдарына назар аудару маңызды екенін ескерген жөн. Көліктегі өртті болдырмауға және қауіптің орын алуын төмендету үшін жүргізушілер автокөлікті уақытында техникалық тексеруден өткізіп және техикалық жай-күйін бақылап отыруы қажет.

Ең алдымен әрбір автокөлікте жарамды өрт сөндіргіш болуы және қажет болған жағдайда қол жетімді жерде жатуы керек. Кез келген өрт сөндіргіштің жарамдылық мерзімі төрт жылдан аспайды, пломба сақталуға тиіс. Автокөлік иелері мен жүргізушілері көлік өртінің алдын алу үшін көлікті техникалық байқаудан уақытылы өткізіп, барлық электр жабдықтарының жарамдылығын бақылауда ұстау қажет. Магнитофонды, дабылқаққышты, қозғалтқышты іске қосу алдындағы жылытқыш құралдарын тек мамандандырылған орталықтарда орнатып, көлік салонында әрдайым өрт сөндіргішті ұстау керек. Сондай-ақ, қозғалтқыштың герметикалығын, жанармай аппаратурасының жарамдылығын қадағалап, көлік тұрақтарында тез тұтанатын заттарды ұстамамаған жөн.

Ал, жазатайым көліктен өрт шыққан жағдайда дереу 101 немесе 112 телефонына хабарлау қажет.

А.БАЙТҮГЕЛОВ,

аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері,

азаматтық қорғау лейтенанты

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521