Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Норвегиядағы қазақстандықтар тасқынға қарсы күресте отандастарына көмек жіберді

Әнші RUNA SOLNCE ретінде танымал атыраулық Динара Сейілова бірнеше жылдан бері Норвегияда тұрады.

Құлсарыдағы су тасқыны, Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілу қаупі және тасқынның алдын алу үшін жағалауларды нығайту туралы жаңалықтар Норвегияда тұрып жатқан отандастарымызды қатты алаңдатқан.

- "Biz birgemiz" қорына қаржы жібердік. Норвегияда көптеген қазақстандықтар тұрады. Қазіргі уақытта қорға 10 атыраулық отбасы қаражат аударды. Біз бәріміз қаланың болашағы үшін, оның тұрғындары үшін алаңдаймыз және қолымыздан келгенше көмектесуге дайынбыз , - деді Динара "Прикаспийская коммуна" газетіне берген сұхбатында.

RUNA SOLNCE - өзінің патриоттығымен танымал. Биыл наурыз айында ол қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеген іс-шара ұйымдастырып, Норвегия тұрғындарын қуантқан еді. Біраз жыл бұрын бүкіл әлемге тараған "Қазақстан" әнін жазды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521