Құмар ойынның жолы кесілді

Құмар ойыны қоғам дерті! Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу Департаментінің (бұдан әрі-Департамент) қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Атырау қаласының Авангард-4 мөлтек ауданында орналасқан ғимараттың бірінде заңсыз ойын бизнесін жүзеге асырған азамат «А»-ға қатысты құқықбұзушылықтың дерегі анықталып, жолы кесілді.

Ғимаратты қарау кезінде оқиға орнынан заңсыз ойын бизнесімен айналысуға арналған құралдар:

1 DVD-R диск, 4 монитор, 3 ойын терминалы және ақша қаражаты тәркіленіп алынды.

26.06.2019ж. - анықталған дерек Департаменттің Сотқа дейнгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық Кодексінің 307 бабы 1 бөлімі «Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» бойынша тіркеліп, тергеп - тексеру амалдары жүргізіліп, айыптау қорытындысымен қылмыстық іс сотқа жолданды.

22.10.2019ж. - Атырау қалалық №2 сотының үкімімен азамат «А» ҚР Қылмыстық Кодексінің 307 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған қатысты 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді және жазаны өтеу мерзімі ішінде 100 (бір жүз) сағат мәжбүрлі еңбекке тартылуға жазаланды.

Егер, Сізде заңсыз ойын бизнесі туралы ақпарат болса - немқұрайлылық танытпаңыз!

Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу Департаментіне 8 (7122) 35-42-10, 31-60-59 телефон арқылы хабарлауыңыз сұралады.

Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу Департаментінің

Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасы

Сурет: ашық дереккөзден

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


Қабдолова Әдемі

Қабдолова Әдемі Мирқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21