Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоға ауданы бойынша мемлекеттік қызметтің жәй-күйі

Қызылқоға ауданы әкімдігінің құрылымы 8 бөлім, 10 ауылдық округтен тұрады. Аудан әкімдігі бойынша штат саны 106 бірлік. Оның ішінде саяси- 1 бірлік, "Б" корпусы -105 бірлік.

Қызылқоға ауданы әкімдігі бойынша мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 103 бірлікті құрайды. Оның ішінде ер адамдар 47, яғни 46пайызды, әйел адамдар 56, яғни 54 пайызды құрайды. Мемлекеттік қызметшілердің орта жасы 44 жас, оның ішінде саяси 42 жас, "Б" корпусы 44 жас. Мемлекеттік қызметшілердің орташа еңбек өтілі - 10 жыл, саяси-6 жыл, "Б" корпусы бойынша 10 жыл. Жоғары білімді мемлекеттік қызметшілердің саны - 98, ягни 95 пайыз.

Биылғы жылы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға 3 бос орынға жалпы конкурс жарияланып қорытындысымен 1 азаматқа жұмысқа орналасты. Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы" Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған 1 мемлекеттік қызметшіге сынақ мерзімі белгіленді. Бірінші тоқсанда 3 қызметкер жұмыстан босатылды. Оның 1 басқа мемлекеттік қызметке орналасуына, негізгі қызметкердің жұмысқа шығуына байланысты-2. Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалынан біліктілігін арттыру семинарына 11 мемлекеттік қызметші қатынастырылып, өзі білімдерін жетілдірді.

Өздеріне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін 9 мемлекеттік қызметкеріне тәртіптік жаза қолданылды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық анықталған жоқ. Кәсіби біліктілікті арттыру, тәжірибе алмасу, ақпаратты беру тәсілдерін үйрену мақсатында 3 мемлекеттік қызметші тағылымдаман сәтті өтті.

Р.СҮЙІНОВ

аудан әкімі аппаратының кадр жұмысы және персоналды басқару бөлімнің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521