banerkzbig

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА АРНАЛҒАН КӨМЕК

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы тапсырмасы бойынша биылғы жылдан бастап төрт және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студент балалары бар көпбалалы отбасыларға арналған жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізілді.

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін басты критерий – отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірдің ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен болуға тиіс. Отбасының барлық мүшелері үшін атаулы әлеуметтік көмек мөлшері жан басына шаққандағы табыс пен кедейлік шегінің арасындағы айырма ретінде айқындалады. Атаулы әлеуметтік көмек ашықтығын қамтамасыз ету үшін ол тоқсан сайын тағайындалады. Ал, отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізу мерзімі 3 күннен 7 күнге дейін ұлғайтылады.

Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезіндегі маңызды талаптардың бірі жұмысқа қабілетті отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына міндетті түрде қатысуы болып табылады. Бұл ретте «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде көпбалалы және табысы аз отбасыларға үйде жұмыс істеу үшін де, өз ісін ашу үшін де кең мүмкіндіктер беретін жаңа тетіктер көзделген. Сонымен бірге, атаулы әлеуметтік көмек алатын табысы аз отбасылардың балаларына кепілдік берілген әлеуметтік топтама ұсынылған.

Мәселен, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін әлеуметтік топтамаға азық-түлік жиынтығы мен тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы кірсе, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін мектептерде ыстық тамақ, оқу құралдары мен мектеп киімдерін беру көзделген. Биылғы жылдың басынан күшіне енген бұл жоба аясында аудан бойынша 88 отбасындағы 103 балаға әлеуметтік пакет беріле бастады. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінің енгізілуіне байланысты республикалық және жергілікті бюджеттерден табысы аз отбасыларды әлеуметтік қолдауға арналған қаржы бөлінген.

Бағыт РЫСҚҰЛОВА,

аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және

азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы

Сурет: ашық дереккөзден

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Күнтізбе

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21