Индерден кинотеатр ашылды

"INDERBOR CINEMA". Осындай атаумен ауданда тұңғыш рет 3D форматтағы кинотеатр ашылды - деп, хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жастар жылы аясында қолға алынған бұл шара - Индер ауданы әкімдігі мен "Меломан" компаниясының бірлескен жобасы болып табылады. "Жастар орталығы" ғимаратында орналасқан кинотеатрдың сыйымдылығы 200 адам. Бастысы, 3D форматтағы заманауи, лазерлі экран сапалы құрылғылармен жасақталған.

inder

Аудан әкімі Мейірім Қалауи сөз кезегінде ауыл жастарының болашағы үшін атқарылып жатқан істерді тілге тиек етіп, жиналған жұртшылыққа ақжарма тілегін жолдады - Елбасы мен Мемлекет басшысының мемлекеттік саясатына сәйкес ел азаматтарының қолайлы, жайлы өмір сүруіне мүмкіндік жасалу қажет. Ауыл тұрғындарына арналған аудан орталығында алғашқы кинотеатрдың ашылуы осы саясаттың нәтижесі. Бұл игі істерге бастамашыл болып, бар мүмкіндік туғызғаны үшін облыс әкімі Нұрлан Асқарұлына ерекше алғысымызды білдіреміз - деді, аудан әкімі Мейірім Қалауи Кинотеатрдың ашылуына ауыл жастары ғана емес, ауданның басқада тұрғындары қуануда.

Жиналған аудан халқы тұсаукесер рәсімінен соң, кинотеатрдың алғашқы көрсетілімі Ақан Сатаевтың "Томирис" кинофильмін тамашалады. Енді, олар алдағы уақытта республиканың барлық аймағында көрсетілетін танымал фильмдерді облыс орталықтарындағы кинотеатрлармен қатар көре алады.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Айымгул Жалғасқызы

Күнтізбе

октября 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031