Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырау мұнай өңдеу зауытының тазарту қондырғыларында іске қосу-баптау жұмыстары жүргізілуде

Атырау мұнай өңдеу зауытында механикалық тазарту қондырғыларын реконструкциялау жобасының II кезеңін іске қосу-баптау жұмыстары жүруде.

Бұл кезең аясында ағынды суларды орташа резервуарлары, сорғы станция ғимараттары, өзін-өзі шайғыш сүзгілер мен флотация блоктары салынған болатын. Қазіргі кезде қашықтықтан басқару, технологиялық қорғау мен бұғаттау, сондай-ақ автоматты өрт дабылы жүйелерін баптау жұмыстары жалғасуда. Желдету және түтінге қарсы қорғау жүйелерінің жұмыстары тексеріліп, технологиялық, электротехникалық және бақылау-өлшеу аспаптары сынақтан өтіп жатыр. 

Iске қосу-баптау жұмыстары сәуір айында аяқталады деп күтілуде. Екінші кезеңді іске қосу мамыр айына жоспарланған. Реконструкциялау нәтижесінде механикалық тазарту қондырғыларының өнімділігі 2 есе артпақ. Тазартылған судың бір бөлігі зауыттың өндірістік қажетіне жұмсалып, Жайық өзенінің суын пайдалану көлемі 9 %-ға азаяды. 

Еске сала кетейік, Tazalyq экологиялық жобасы аясындағы механикалық тазарту қондырғыларын реконструкциялау жұмыстары Еуропалық қайта құру және даму банкінің қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521