Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қарабаулық ақын тастанды бала туралы не айтты?

Атырау бүгін шырылдаған сәбидің дауысымен оянды.

Екі құбырдың шамасында, екі дүниенің арасында біраз жатқан балапан тоңып қалған, оны сол маңдағы жүргіншілер көріп қалған. Туғаннан тағдыры тастанды қылған сәбиді тұрғындар үйге апарып жылытып, сосын жедел жәрдем шақыртқан. Құрсақтан алып құбырға жіберген жүректің де қатігездігіне шек жоқ екен ғой. Біреулер қапияда баласынан айырылып көзін жасқа толтырып жатыр, біреулер Алланың берген сыйын өз қолдарымен өлтіріп жатыр.

Өздерін ақтап: «Басқа шарам болмады, шамам болмады», - дейтін шығар. Алайда, баланы тастап қашуға, кісі өлтіріп жер басуға бола ма екен? Негізі бесіктен белі шықпай, «өстім, өндім, бәрін көрдім кісі болдым» - деп кеудесін соғатындардың ісі осы. Көше кезіп, боянып, махаббаты оянып, жатқанды біледі. Бірақ, ақылға салып ақырына бармайды, жауапкершілікті мойнына алмайды. Махаббат бар, махаббаттың артында осындай шақалақ бар, бүгін қателессең ертең бетіңе тағдыр ұратын шапалақ бар. Қоғамдағы бір шындық! Еркекте намыс жоқ, еркекте намыс жоқ болса қызда да көп шанс жоқ. Әр жігіт сөзіне ие болса, әр қыз өзіне ие болса ешкім жолда қалмас еді, жетімдер мүлде болмас еді. Әншейінде «батырлығы» ұстап кеудесін соғатын еркектердің осындайда «қатындығы» ұстап қалады ғой. Әйтпесе болары болып, бояуы сіңгеннен кейін "алам деген жігіт болса, барам деген қыз табылар еді, балам деген ана болса, анам деген бала болар еді. «Айналайын, ағайын! «Жасы жетті, өзі кетті» - деп ұлың мен қызыңды еркіне жіберсең, дертіне жібергенмен тең. Егер бәрі оның қалауында болса соңы уайым болады, ал ата-ананың қарауында болса - ол бәріне дайын болады. Білем деген – ақымақ, ұл-қызымызды бақылап, бақытсыз ғұмыр кешпеуіне, ең болмаса елімізде жетімдер санының өспеуіне күш салайық. Бақытты боламын деп деп өмірге келген сәбиді, өзіміз бақытсыз етпейікші.

Ерболат ҚАРАҚОЙШЫ

Сурет: ашық дереккөзден

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521