banerkzbig

4 мыңға жуық жастарды әскери есепке қабылдамақ

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес жыл сайын жергілікті басқару органдарында қаңтар мен наурыз айлары аралығында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу басталды.

Тіркеу азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық деңгейін айқындау, мамандығы бойынша алған білім деңгейі мен дене дайындығы деңгейін анықтау мақсатында ұйымдастырылып, өткізіледі. Шақыру учаскелеріне шақырылатын жылы 17 жасқа толатын ҚР ер-азаматтары тіркелуі тиіс.

urbajza2

2020 жылы қаңтар мен наурыз аралығында Атырау өңірінен 2003 жылы туылған 4 мыңға жуық жастарды әскери есепке қабылдау жоспарланып отыр. Қазіргі таңда жергілікті атқару органдарының шешімі бойынша азаматтарды медициналық куәландырудан өткізетін медициналық комиссиялар құрылды. Қорғаныс істері жөніндегі басқармалар (бөлімдер) азаматтарды шақыру учаскелеріне шақыру үдерісінде емделуге (медициналық бақылауға) мұқтаж шақырылушыларды айқындайды және оларды емдеу-профилактикалық ұйымдарға, денсаулық жағдайы бойынша жарамдыларды әскери оқу орындарына түскісі келетіндерді Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында оқу үшін тіркейді.

Әскери есепке алғаш рет тұрған азаматтармен жергілікті әскери басқару органдарында Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына оқуға түсу және келісімшарт бойынша әскери қызметтің келешегі туралы үгіт-насихат жұмысы жүргізіледі.

Урбайза Абитова,

Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті

баспасөз қызметінің бастығы

майор

Байланыс нөмірі: 8 702 463 77 33, 8 707 463 77 33

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig