banerkzbig

Қайсар рухты, өр мінезді, ұрпақты жасау өз қолымызда!

Иә, әр сәт ел болашағы жас ұрпақ қолында дейміз.

Мұнымыз заңдылық. Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Ұлт болашағы білімді ұрпақ екені анық. Осы орайда «Тәрбиеміз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген әлемнің екінші ұстазы, ғұлама әл-Фарабидің сөзін қаперімізде ұстағанымыз жөн. Балаларымыз білім тұрғысынан сөзсіз көш ілгері, көздері ашық, ұш тұғырлы тілді жетік меңгеру жолына түскен. Ата-аналар да ақылы болса да бауыр еті баласын білімді, тілді меңгерген етіп өсіруде. Осы тұста бір сұрақ, білімді ұрпағымыздың патриоттық сана сезімі қаншалықты деңгейде? Кезіндегі 6 ай берілмеген Отырарды қорғаған бабаларымызды «Рухы өр, тәні бекем бұл бір қайсар халық екен» деп сыйпаттады. Дәл осы батырларымызбен қазіргі жастарымыздың рухын салыстыруға келеме!

Ендеше қазіргі саптағы сарбаздарымыздың саны неге аз? Тоқсан ауыз сөздің түйіні, бар сұрақтың түпкі жауабы саналы тәрбиеде жатыр. Ел тізгінін ұстар өскелең ұрпағымызды Отанын, жерін сүюге, баулып, туған жерін қорғау басты міндеті екенін құлағына құйып өсіруіміз қажет. Буыны қатайған баласын өбектеудің орнына әскер қатарына беріп, есеюіне патриоттық сана сезімінің күшеюіне мүмкіндік беру керек деп есептеймін. Ал кей ата-аналар түрлі сылтаулармен балаларын әскер қатарына бергісі келмейтінін де айта кетейік.

Ал әскери тәртіпте әскери полиция қызметі жас сарбаздарымыздың бір жыл бойғы өміріне аманаттай қарап, олардың барлық іс әрекеттері бақылауда болуын қамтамасыз етеді. Әсіресе қазіргі технологиялар дамыған барлық жерлер, казармалардың барлық бөліктері бейне бақылаумен жабдықталып, бақыланып жатқанда, саптағы ұлдарын уайымдауға негіз жоқ десекте болады. Міне, сондықтанда ұядағы ұлдарын ұшыруға қорқақтық танытпай, қайта қанаты қатайсын, шыңдалсын деп кез келген жағдайда түйіткілді мәселенің түйінін шешуде қырағы, қайсар болсын деп балаларыңызды өмір мектебінің бір сатысы, әскери өмірге бейімдеу қажет. Қайсар рухты, өр мінезді, ұрпақты жасау өз қолымызда!

Бақтияр Дәуренқұлов,

Атырау гарнизоны әскери полиция бөлімшесінің (әкімшілік тәжірибе) офицері әділет капитаны

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig