Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

104 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Биылғы жылдың 15 қыркүйегінен басталған «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы 10 желтоқсанға дейін жалғасады.

Халық арасында ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру, азаматтармен сенімді тығыз қарым-қатынас орнату, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың профилактикасы мақсатында ұйымдастырылған іс-шара Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауымен жүзеге асырылуда.

Осы уақыт ішінде 2510 тұрғын үйді аралап, тұрғындарға ісшараның мақсаты түсіндіріліп, тіркеуге алынды. Жеке табыс салығын төлемей тұрған үйлерін жалға берген үш тұрғын үй иелері анықталып, ақпараттары аудандық кірістер басқармасына жолданды. Сондай-ақ, аудандағы уақытша тіркеуге отырған шетелдіктердің мекенжайлары тексеріліп, еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған Өзбекстан Республикасының төрт азаматының үстінен әкімшілік хаттамалар толтырылып, аудандық сотпен айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершіліктерге тартылды.

Ал, есептегі азаматтық тегіс ұңғылы аңшылық қарулары бар 130 тұлғаның мекенжайларына тексеру жүргізіліп, қаруды сақтау, алып жүру, тіркеу тәртібін бұзуған алты факт анықталып, қару иелері жауапкершіліктерге тартылды. «Учаске» іс-шарасы кезінде 104 құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, 4 адам жанұя тыныштығын бұзса (ӘҚБтК-нің 73 бабы), ұрып-соғу фактісімен 5 адам (73-1 бабы), белгіленбеген орындарға коммунальдық қалдықтар шығарғаны үшін 5 адам (434 бабы), қорғау нұсақамасын бұзған 1 адам (461 бабы), елімізде тiркеусiз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрған 30 адам (492 бабы) және ӘҚБтК-нің басқада баптарымен 19 құқық бұзушылық тіркеліп, заң тұрғысында шаралары алынды.

Жалпы, аудандық полиция бөліміне барлығы 50 азамат жеткізіліп, олардың саусақ іздері алынып, бейне сурет есептеріне қойылды. Аталмыш шара белгіленген уақытқа дейін аудан көлемінде жалғаса береді.

Асхат ҚҰЛБАЕВ,

аудандық полиция бөлімі

жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің

аға учаскелік инспекторы, полиция майоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521