Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ

Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру.

Инклюзивті білім беру дегеніміз – барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағыттау.

Ал, инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім беретін мектептерде оқыту. Инклюзивті білім беру – балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік берсе, инклюзивті оқыту – оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжымның іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады. Өйткені олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді. Қазіргі таңда ауданымызда мүмкіндігі шектеулі 228 бала бар. Оның 35-і мектепке дейінгі жаста болса, 192-і мектеп жасында.

Аудандағы 15 білім беру ұйымдарында 62 бала оқып жатса, үйден 28 бала, арнайы сыныпта 15 бала білім алады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Қазақстан Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Заңдарында және еліміздің Конституциясында бекітілген. Мүмкіндігі шектеулі балалалар жалпы білім алатын мектептерде облыстық психологиялық медициналық педогогикалық кеңестің (ПМПК) қорытындысы бойынша көрсетілген, яғни, баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарламамен типтік және қолданыстағы оқу жоспарларына сәйкес жүргізіледі, жылдық күнтізбелік оқу жоспары және сабақ кестесі арқылы жасақталып, оқытылады. Инклюзивті оқытуға мектептерде арнайы психологтар, әлеуметтік мұғалімдер жұмыс жасайды.

Аудандық білім бөлімі

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521