Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ШЕБЕРЛІКТІ ШЫҢДАҒАН АПТАЛЫҚ

Жамансор бастауыш мектебінде барлық сыныптар арасында робототехника апталық сайысы өтті.

Апталық аясында робот көрмесі ұйымдастырылды. Айталық, 2 «а» сынып оқушылары жасаған «Супер бой» мен «Вали» роботы, 1 сыныптың ермексаздан жасаған қуыршақ бейнесі, сымнан жасаған Өрмекші, Кесіртке роботтары көпшіліктің таңданысын туғызды. 3 және 4 сынып оқушыларының пластик бөтелкелерден жасаған жасанды жер серігі, ұшақ, пултпен басқарылатын «Чип» роботы оқушылардың аса қызығушылығын тудырды.

Оқушылар өз шеберліктерін ортаға салды. «Шебердің қолы ортақ» дегендей, шабыттарың шыңдала берсін, оқушылар!

Гүлзия АМАНОВА,

Жамансор бастауыш мектебінің тәлімгері

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521