Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖАС ШАХМАТШЫЛАР БАҚ СЫНАДЫ

Жақында «Жас Прожект» жобасы аясында ашылған «Зияткер» шахмат үйірмесінің оқушылары арасында жарыс ұйымдастырылды.

shakhmat2

Оған он екі оқушы қатысып, бақтарын сынады. Ұшқыр ой мен шапшаңдықты қажет ететін ойынды үш ай көлемінде үйренген оқушылардың қызығушылығы жоғары болды. Нәтижесінде, Ақниет Мұқанғалиев І орынға ие болса, Досымжан Нұрболұлы ІІ орынды жеңіп алды. Ал, Шыңғыс Оңалдық пен Гүлім Кенжебекқызы ІІІ, ІV орындарды өзара бөлісті. Сондай-ақ, басқа қатысушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталып, жеңімпаз-жүлдегерлерге медаль, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

shakhmat3

– Оқушылардың шахматқа деген қызығушылықтары жоғары. Үш ай көлемінде біраз нәрсені үйреніп алды. Жалпы, үйірмеге мектеп жасындағы оқушылармен қатар зейнеткерлер де келіп, шаршы тақтадағы ойынды үйреніп жатыр. Алдағы уақытта да жарыстар өткізіліп тұрады, - дейді жарысты ұйымдастырушы, аталмыш жоба жетекшісі Ермұрат Жетібаев.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521