Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Тасқын судан зардап шеккен отбасылардың балалары қашықтықтан оқиды

Атырау облысында тасқын судан зардап шеккен отбасының балалары онлайн форматта білім алады. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы С.Аманшиева мәлімдеді.

- Бүгіннен бастап Жылыой ауданында қарғын судың шектен тыс тасуы салдарынан баспанасы суға кетіп, өздері эвакуацияланған отбасылардың балаларын қашықтықтан оқытуды ұйымдастырамыз. Және бұл жағдай тұрақтанғанға дейін жалғасатын болады, - деді ол.

Онлайн білім алатындардың қатарында Құлсары қаласынан "Теңіз" кен орнындағы вахталық қалашыққа, Атырау қаласына эвакуацияланғандар мен көршілес облыстарға кеткендер де бар.

"Тасқын су кезінде Маңғыстау облысына бет алған ата-аналардың балаларын сол өңірдің білім беру бөлімдері арқылы оқытатын боламыз" дейді облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы С.Аманшиева.

Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы

t.me/oper_shtab_atyrau @oper_shtab_atyrau

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521