Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖҰДЫРЫҚТАЙ ЖҰМЫЛДЫ

Сағыз өзені әлі қарқынды тасу үстінде. Күшейе соққан жел де судың ағысын көтеруде. Темір жол көпірі астындағы белгі бойынша су деңгейі 3,40 метрге көтерілген. Қатты қарқынмен аққан суды өзен арнасы өткізе алмағандықтан бүгін арнасынан аса жайылып, Сағыз ауылындағы бірінші ауылға кіру қаупін төндірді.

Жұмыла кіріскен сағыздықтар екі мыңнан астам қапшыққа топырақ салып, бөгет тұрғызу арқылы жайыла кірген суды ауыздықтады. Ауылдағы барлық мекеме қызметкерлері, жастар, еріктілер жұдырықтай жұмылып, ауызбіршілікпен еңбек етті. Балшықтан көліктер жақындап бара алмайтын болғандықтан жұмыс жасап жатқандар топырақ толы қапшықты едәуір жерден тасыды. Бұл жұмыстарға екі тиегіш (погрузщик) және бір-бірден  «Камаз», экскаватор, «Уаз», «Нива» автокөліктері жұмылдырылды. 
Сағыз ауылдық аналар кеңесі, кәсіпкерлер, Кенбай орта мектебі мен «Балауса» балабақшасының ұжымы ыстық тамақ, шай, басқа да тағамдар әкелуді ұйымдастырып, жұмысшыларды тамақтандырса, адамдарды тасымалдауға 20-дан астам тұрғын өз көліктерімен көмектесті. Сөйтіп, сағыздықтар қауіптің алдын алу бағытында бірлесе жұмыс атқаруда.

Бауыржан ОҚАС

Суреттер Жайлау ТАЛАСОВТІКІ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521