Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Олар – жыл үздіктері

«Арман» мәдениет үйінде жыл қорытындысы бойынша әр салада жемісті еңбек етіп, халыққа сапалы қызмет көрсетуде абырой биігінен көрінген азаматтар «Жыл үздігі – 2018» номинациясымен марапатталды.

Ауданның экономикалық-әлеуметтік, рухани дамуына үлес қосқан азаматтардың еңбегін бағалап, мерейлерін өсіріп, қанаттандыру мақсатында ұйымдастырылған шара биыл үшінші мәрте өткізіліп отыр. Оған аудан әкімі Арман Баженов, аудандық мәслихат хатшысы Толқын Бейсқали, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, барлық мекеме басшылары және қызметкерлері мен аудан тұрғындары қатынасты.

Аталмыш шараны ашқан аудан әкімі Арман Баженов: – Ескі жылды тарих қойнауына жіберіп, жаңа жылмен қауышар сәтте жетті. Әрине өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп. Қуанышты сәттер мен дүбірлі тойлар, жарқын жеңістер бәрі де 2018 жылдың еншісіне жазылды. Елбасының сындарлы саясаты арқасында биылғы жыл қорытындысымен аудандағы әр салада белсенді еңбек етіп, жетістіктерімен үздік нәтиже көрсеткендерді ұлығылау мақсатында ұйымдастырылып келеді. Тарих еншісіне енген ит жылы Қызылқоға ауданы үшін молшылықтың, береке мен бірліктің, ынтымақ пен татулықтың салтанат құрған сәті ретінде есте қалды. Қойнауы құтты мекен Қызылқоға халқының бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі болуына ұйытқы болып, беделінің артуына барлықтарыңызда үлес қосып келесіздер, - деді.

Содан соң Жыл үздіктері марапатталып, аудан өнерпаздары Мейрамгүл Болатқызы «Қызымын елдің» әнін, Берік Амантаев халық әнін шырқаса, Ақорал Тегісбай шығыс биін, Сәнімгүл Басамбаева Азамат Хабыловтың гитарада сүйемелдеуімен испан биін нақышына келтіре биледі.

Гүлмира МАҚСОТ.

«Жыл үздігі – 2018» номинациясын иеленгендер:

«Үздік мемлекеттік қызметші – 2018»

Абат Ақбалашұлы – Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

«Үздік мұғалім – 2018»

Айгүл Қапашева – Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің мұғалімі

«Үздік дәрігер – 2018»

Меруерт Орынбасарова – аудандық емхана дәрігері

«Үздік спортшы-2018»

Нұрлыбек Исатаев

«Үздік әлеуметтік қызметкер – 2018»

Мусиева Мария – Тасшағыл ауылдық округінің әлеуметтік қызметкері

«Үздік су шаруашылығы қызметкері – 2018»

Мамбет Рысмағамбетов – Қызылқоға өндірістік учаскесінің су айдау насосының операторы

«Үздік пошта қызметкері-2018»

Қарлығаш Өтегенова – аудандық почта байланыс торабының хат тасушы

«Үздік депутат - 2018»

Айбар Алтыбаев –аудандық мәслихат депутаты

«Үздік мәдениет қызметкері – 2018»

Шарбану Жүсіпова – Тасшағыл ауылдық клуб меңгерушісі

«Үздік өрт сөндірушісі – 2018»

Болат Өтешов – аудандық №10 ӨСБ-нің жүргізушісі, аға сержант

«Үздік журналист – 2018»

Нұрсәуле Жауынбаева – «Қызылқоға» аудандық газеті бас редакторының орынбасары-жауапты хатшы

«Үздік бөлім басшысы – 2018»

Зинеш Сарбуфеева – аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы

«Үздік округ әкімі – 2018»

Сәндібек Салықов – Жамбыл ауылдық округі әкімі

«Үздік қоғамдық тәртіп сақшысы – 2018»

Қанат Ізімов – аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция тобының аға жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты

«Үздік шаруагер – 2018»

Серік Құлшықов – «Ақшелек» шаруа қожалығының төрағасы

«Үздік тәрбиеші – 2018»

Айкен Қаламбаева – «Алтын кілт» бөбекжай балалар бақшасының тәрбиешісі

«Үздік байланысшы – 2018»

Айжан Базарғалиева – байланыс электрмеханигі

«Үздік теміржолшып – 2018»

Мизамбай Ахметов – Сағыз Белгі беру бөлімшесінің бастығы

«Үздік мұнайшы – 2018»

Мұрат Сахиев – «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-ның мұнай дайындау және айдау цехы бастығының орынбасары

«Үздік электромонтер – 2018»

Төлеген Басамбаев – «Атырау-Жарық» АҚ электр жүйесінің электр монтері

«Үздік халыққа қызмет көрсету қызметкері – 2018»

Қанағат Ибраев – Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы

«Үздік газ шаруашылығы қызметкері – 2018»

Бөкен Бисенғали – «ҚазТрансГазАймақ» Атырау өндірістік филиалы Қызылқоға Газ шаруашылығы қызметкері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521