Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ОЙЫЛ ӨЗЕНІ НЕГЕ ТАСЫМАДЫ? Жеті күн жауған жаңбырдан желіп өткен су артық

Биыл үш ауданның халқы пайдаланып отырған Ойыл өзені тасымай, тұрғындарға қиыншылық тудырып отыр.

Қырық жылғы еңбек өтілімде мұндай жағдайдың бірінші кездесуі. Өр суының тасуы елге мол ырыздық әкелетіні белгілі. Ал, биылғыдай бола берсе экологиялық зардаптардың туындауы ықтимал. Темір ауданының «Ойбұлақ» деген жерінен басталатын өзен негізінен жауын-шашын, жер асты суымен толығып, көктемде қар суымен деңгейі көтеріледі. Ащыойыл, Шағырлы, Қайыңды, Ботабай, Кенжалы, Қуырдақты және тағы басқа да салаларынан құйылған сумен молайған Ойыл өзені Қызылқоға ауданның Қарабау өңіріне дейін барады. Сондай-ақ, Ойыл өзеніне Ресейдің Орынбор өңірінен бастау алатын Қиыл өзені де келіп құяды.

3

1

Жалпы, Қызылқоға ауданымен екі ортадағы «Тамдыкөл» су қоймасының есігі екіжақты келісім бойынша ашылады. Яғни, су мол келіп жатса есік жабылмайды да, орташа деңгейде келсе су қоймасының есігі екі аптадай жабылады. Биылғы жылы біздің ауданда ғана емес, жалпы Ақтөбе өңіріндегі басқа өзендер де тасыған жоқ. Әріптестерімізден сұрастырып білгенімізде, тоңның болмауынан еріген қар суы жерге сіңіп кеткен. «Табиғат – бірде көл, бірде шөл» деген осы. Оған қарсы ешкім тұра да алмайды. Жалпы, өзен суының мол әрі жақсы тасуы жерге тоңның қалың түсіп, қардың мол болуына байланысты. «Жеті күн жауған жаңбырдан желіп өткен су артық» дегендей, қанша жауын-шашын болғанымен ағын суға жететін ештеңе жоқ.

Айдынғали ҚОҒАБАЕВ,

су шаруашылығы саласының ардагері,

Ойыл ауданы, Ақтөбе облысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521