Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖУРНАЛИСТЕР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Жақында Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкелері мерекесіне орай аудан әкімі Баженов Арман Сырымұлы байланыс және ақпарат қызметкерлері мен сала ардагерлерін қабылдап, ерекше ілтиат көрсетті.

2

Аталған жиынға аудандық мәслихат хатшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім және мекеме басшылары, «Қызылқоға» газетінің ұжымы мен сала ардагерлері қатынасты.

3

Байланыс және ақпарат қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтаған аудан әкімі А.Баженов газет қызметкерлеріне қаламдарыңыз ұшқыр болып, еңбектеріңіз жемісті болсын деп, толағай табыстар тілесе, аудандық мәслихат хатшысы Толқын Бейсқали да ауданның айнасы болып отырған ұжымға ақжарма тілегін арнап, аудан әкімі және аудандық мәслихат хатшысының алғыс хаттарын табыстаса, сала ардагерлеріне аудан әкімі аппараты ұжымының атынан естелік сыйлықтарын ұсынды.

 

А.ЖАЛҒАСҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521