Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

НҰРЫН СЕПКЕН МЕРЕКЕ

Мұқыр ауылдық округінде "Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні" тақырыбында Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті.

Сән-салтанаты мол шараға жиналған жұртта есеп жоқ. Шараны ашқан Мұқыр ауылдық округінің әкімі Азамат Жақсиев ауыл тұрғындарын жаңа жылмен құттықтап, ізгі тілегін жолдады.

Әсем безендіріліп құрылған киіз үйлерден ауыл тұрғындары дәм ауыз тиіп, көңілге көрікті ой ұялатқан ән мен күйді тамашаласа, салт-дәстүрден көрініс көрсетіліп, ептілік пен мықтылықты бір арнаға тоғыстырған жігіттер ұлттық спорт ойындарынан сынға түсті. Айта кетерлігі - аталмыш округке қарасты барлық елді мекенде әз Наурыз мерекесі жылдағыдан айрықша тойланды.

Нұрсәуле Жауынбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521