banerkzbig

Мұрат тағы да мәрттік танытты

Бір ғажабы, құт дарыған киелі мекеніміздің мерейтойында қайырымдылық шарада назардан тыс қалмады.

Олай дейтініміз, жесірі мен жетімін жылатпаған қазақылығы бойына сіңген қарияларын қамқорлап жүретін тектілік тағы да бір көрініс тапты. Кешегі өткен небір атымтай жомарттардың ізгі жолын жалғастырған ел ағалары да арамызда жүр. Соның бірі – Қызылқоға ауданының құрметті азаматы Мұрат Сарманов. Ол дәл мерейтойға арналған салтанатты шара үстінде өзінің туған ауылы Миялыда үйі апатты жағдайда тұрған, жасы егде тартқан Қарымсақ Қайырбаевқа өзінің жеке қаржысымен салған пәтер кілтін табыс етті. Талай қиыншылықтарды басынан өткерген қарияның қуанышында шек болмады.

Сахна төрінде тебірене тұрып, Мұрат інісіне ақ батасын жаудырды. Көрермендер де Мұраттың мынадай мәрттігіне дән риза болып, ду қол шапалақтарын аямады. Салтанатты шара біткен бойда, сол үйді көруге барған қонақтар алдында аудан әкімі Арман Баженов құттықтау сөз сөйлесе, Қазақстан бизнесінің көшбасшысы Жауғашты Нәбиев батасын берді. Ал, философия ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы Алтай Тайжанов пен Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасы төрағасының орынбасары, Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы, жазушы, қоғам қайраткері Мереке Құлкенов Мұраттың сыйға берген үйінің лентасын қиды. Одан соң, қазақы дәстүр бойынша шашу шашылып, қонақтар жаңа қоныс құтты болсын дегін білдірді.

Әсел ТАУШАНОВА

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig