Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жаңа тойхана есігін айқара ашты

Ауданның 75 жылдық мерейтойы су жаңа тойхананың ашылу салтанатымен жалғасын тапты.

Жеке кәсіпкер Қайырбек Баймұратовтың «Бақыт» атты тойханасының құрылысы осыдан біраз жыл бұрын басталып, жақында қыркүйек айында аяқталып отыр. Торқалы тойға сый ретінде ашылған тойхананың ашылу салтанатында аудан әкімі Арман Баженов игі тілегін білдірсе, белгілі ақын Қаллидолла Ізекен жыр шумағын арнады. Содан кейін, жаңа нысанның лентасы салтанатты түрде қиылып, шашу шашылды. Жаңа заманға сай салынған тойхана ішіне енген қонақтар сәулетті нысанның безендірілуіне таңдай қағысты. Бес мың адамдық тойхана расымен де көрер көзге ерекше тартымды. Сол жерде тойхана иелері келушілерге арнап дастарқан жайып, құрмет көрсетті. Келуші қонақтар «Тойханада бас қосқан жастар бақытты болсын» деп игі тілегін айтып тарқасты.

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521