МҰНАЙШЫЛАРДЫҢ МЕРЕЙІН ҮСТЕМ ЕТТІ

«Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамына қарасты «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының Кенбай кен алаңында Қазақстан мұнайының 120 жылдығы мен Шығыс Молдабек кен алаңының 20 жылдығына арналған салтанатты шара өтті.

Оған Компания басшылығы, ардагер-мұнайшылар, Мұқыр, Сағыз ауылдық округінің әкімдері және басқарма басшылығы мен ұжымы қатысты. Айта кеткен артық болмас, Кенбай кен алаңында Солтүстік Қотыртас пен Шығыс Молдабек кеніштері орналасқан. Шығыс Молдабек кен орнында алғаш рет полимерлі суландыру жүйесі енгізілуде. Аталмыш жобаның мақсаты – мұнайды шығару коэффициенті мен сулану деңгейінің тұрақтылығын және мұнай өндіру көлемін арттыру. Бұл кен орнының бор қабаттарында қор 17 миллион тоннаны құрайды деген болжам бар. Салтанатты шараның ашылу рәсімінде сөз алған «Ембімұнайгаз» басқармасы төрағасының геология және кен орындарын игеру жөніндегі орынбасары Қайрат Әділбеков жиналған көпшілікті айтулы мерекемен құттықтап:

ali_0574

- Компания Ембі өндірісін нығайту мақсатында көптеген жобаларды іске қосты. Соның бірі - Қызылқоға ауданының аумағындағы Тайсойған әскери полигонның бір бөлігі мемлекет тарапынан компанияға берілді. Бұл аумақта орналасқан Шығыс Уаз және Солтүстік Уаз кеніштерінің бес мың алты жүз шақырым аумағында 3Д сейсмикалық барлау жұмыстары жүруде. Ұлттық компания бойынша мұндай ауқымды жұмыстарды бұған дейін бірде-бір компания жүргізген емес. Жаңа кен орындарын ашудың үлкен мүмкіндіктері бар, - деді. Шара барысында, Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлестері үшін көптеген мұнайшылар «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы, «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы басшыларының Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, табысты еңбектерімен топ жарған мұнайшылар және Ембі өндірісінің дамуына зор үлес қосқан бір топ ардагер мұнайшылар «Қазақстан мұнайының 120 жылдығы» төс белгісіне ие болды.

Бұған қоса, «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасында қос мерекеге орай цех аралық спорттың бірнеше түрінен сайыс ұйымдастырылып, басқарма басшысының бас инженері Нұрлыбек Мұқанов жеңімпаз цех ұжымдарын спорттағы табыстарымен құттықтап, арнайы диплом және ақшалай сыйлықпен мадақтады.

Бауыржан АМАНҰЛЫ

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


Қабдолова Әдемі

Қабдолова Әдемі Мирқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21