Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ГАЗ МАМАНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Жақында аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күніне орай, ауданда қызмет етіп жатқан газ мамандарын қабылдап, мерекелерімен құттықтады.

Шарада алдымен сөз алған аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов: – Мұнай-газ кешені бүгінде мемлекет экономикасының негізі. Елімізді әлемге танытқан басты салалардың бірі. Елдің экономикалық-әлеуметтік дамуы мен халықтың әл-ауқатының жақсаруы сала мамандарының қажырлы еңбектерінің арқасы. Газ мамандары барлық саланың дамуына, инфрақұрылымды жетілдіруге, ауданның өндірістік өнеркәсібі базасын жақсартуға барынша атсалысып келеді. Өз кәсібінің шебері атану, тынымсыз еңбекқорлық – Сіздердің әр жұмыс күнінде көрсетіп отырған басты қасиеттеріңіз.

Сондықтан да Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, баршаңызға зор байлық пен бақыт, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін,- деді. Бұдан соң ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Бауыржан Кереев, Ринат Егізбаев, Жанат Кенжебек, Райса Кереева, Бағыт Мырзағалиев сынды сала мамандарына аудан әкімінің алғыс хатын табыс етті. Аталмыш сала қызметкерлері бірауыздан аудан басшылығына ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Гүлмира МАҚСОТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521