banerkzbig

Мұнайшылар қос отбасыны қуантты

Сәрсенбі күні ембілік мұнайшылар Мұқыр ауылдық округінің екі отбасына баспана тарту етіп, қуанышқа кенелтті.

2

Олардың бірі – Мұқыр ауылында тұратын әлеуметтік жағдайы төмен, баспанасы жоқ үш баланың анасы Ақмарал Бакишева болса, екіншісі – жамансорлық жалғызбасты әке Ерсайын Есенбай. Олардың қуанышына ортақтасып, пәтер кілтін тапсыруға «ЕмбіМұнайГаз» АҚ басқармасының төрағасы Әнуар Жақсыбеков, жалпы мәселелер бойынша орынбасары Сәлімжан Нақпаев арнайы келді. Баспана тауқіметін тартып келе жатқан Ақмарал Бакишева бұған дейін ауылдағы аппаттық жағдайдағы үйді паналап келсе, Ерсайын Есенбай он және тоғыз жастағы екі қызымен ағайындарының үйінде көшіп-қонып жүрді. Ауыл тұрғындары қатысқан салтанатты шарада құттықтау тілегін білдірген аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов ембілік мұнайшылардың аудан халқына жасап жатқан қайырымдылығы тек бұл ғана емес екендігін атап өтіп, үй иелерінің қуаныштарына ортақ екенін білдіріп, тұрғындар атынан мұнайшыларға алғысын жеткізді.

3

Бұдан кейін сөз алған «ЕмбіМұнайГаз» АҚ басқармасының төрағасы Әнуар Жақсыбеков: – Қазіргі таңда ел Үкіметі халықтың тұрмысын жақсарту үшін барлық жағдайды жасап жатқанымен, барлығына бірдей мүмкіндігі жете бермейтіні анық. Сондықтан біздің «ЕмбіМұнайГаз» АҚ секілді іргелі мекемелер, бизнес өкілдері көп балалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларына көмек қолын созуы тиіс. Бұл тұрғыда ембілік мұнайшылар қашанда жақсылықтың жаршысы болып, мұқтаж жандарға көмек қолын соза береді, – деп үй иелеріне салтанатты түрде пәтер кілтін табыстап, бір айлық азық-түлік қорын ұсынды.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig