Ауылды көркейту жастарға жүктелді

«Жасыл ел» жастар еңбек жасағының XV маусымында еліміз бойынша жастар еңбекке жұмылуда.

2

Қоршаған ортаны қорғауға және жастарды еңбекқорлыққа баулуға арналған маңызды жоба аудан орталығында да өз жұмысын бастады. Сарбаздар үш бағыт бойынша жұмыс жасайды: көгалдандыру, орман шаруашылығы, құрлыс жасағы. Жастардың уақытын тиімді пайдалануға, еңбекқорлыққа баулуға арналған «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы демалыс орындарын тазалау, орындықтарын бояу, егілген талдарды күтіп баптау жұмыстарын жүргізеді. Жалпы, бағдарламаның негiзгi мақсаты - жастардың күшiмен елiмiздi көгалдандыру, көркейту, сонымен қатар жастарды қоғамдық жұмыстарға араластырып, белсенділікті арттырады. Сарбаздарымыздың әркез сергек етіп жүрулері үшін аудандық «Жастар ресурстық орталығында» апта сайын пікірсайыс, тренинг, спорттық жарыстар, кино көрсетілімдер ұйымдастыруда.

1

Ендеше, ауданымыздың белсенді жастарынан құралған «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының алар асуы алда деп білеміз.

Бақтыгүл ЕРКІН,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

журналистика мамандығының І курс студенті

Айымгул Жалғасқызы

Күнтізбе

октября 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031