Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ҰЛЫҚТАЛДЫ

Ырыс пен ынтымақтың, береке мен бірліктің жаршысына айналған Ұлыстың ұлы күні бүгін Сағыз ауылында сән-салтанатымен тойланды.

Ауылдың орталығы темір жол вокзал басында құрылған үш киіз үй сән түзеп, алыстан көз тартып, мәні мен сәні жарасқан шараға жиналған тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлады. Ұлттық киімдерін киіп, көтеріңкі көңіл күймен келген халық киіз үйлерден наурыз көже ішіп, дастархандағы дәмнен ауыз тиді.

Салтанатты шараға арнайы келген аудан әкімі Қанат Әзмұханов мерекеге жиналған жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін арнады. Тамаша көрініспен ашылған шарада Көктем қыз өзінің сіңлілері Наурыз, Сәуір және Мамыр айларымен шығып, әр айдың өзіндік қасиеттерін жеткізсе, періштелерімен келген Қыдыр ата жұртшылыққа ақ батасын жаудырды. Ал, сахнаға жарапазан айтып шыққан ауыл жастары үлкендермен көрісіп, қыз бен жігіттің кездесу көрінісін жұртшылыққа ұсынды.

Бұдан кейін мерекелік шарада ауыл өнерпаздары мен «Нұртамшы» әжелер тобы әннен шашу шашса, «Айдана-ай» би тобының бишілері мың бұрала билеп шараның шырайын кіргізді. Сондай-ақ, шарада ұлттық ойын түрлері ұлықталып, оқушылар мен жастар ләңгі тебу, арқан тарту, кір тасын көтеру, қол күресі, аударыспақтан сынға түсті. Шара барысында, аудан әкімі Қанат Әзмұханов ауыл ардагерлерімен бірге ақшаңқан ағаш үйлерден дәм татып, "Айша тәттілері" кафесінде ардагерлермен дастархан басында кездесіп, ақ баталарын алды.

Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521