Әлеуметтік сала мамандарын мадақтады

Қазан айының соңғы жексенбісі әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып бекітілгені белгілі.

Соған сай, өткен аптаның жұмасы күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында әлеуметтік сала мамандарын ұлықтау мақсатында жиын болып өтті. Жиынды ашқан аудан әкімі Арман Баженов:

– Әлеуметтік сала қоғамның ең әлсіз топтарымен жұмыс жасайтын жауапты сала. Мүмкіндігі шектеулі жандар, аз қамтылған отбасылар, зейнеткерлер барлығы да өзінің мұң-мұқтажын айтып, осы саланың мамандарына жүгінеді. Солардың әрқайсысымен сыпайы сөйлесіп, этикаға сай қызмет көрсетіп келе жатқан Сіздердің еңбектеріңіз ұшан-теңіз. Әлеуметтің әлеуетін арттыру жолында жасаған жұмыстарыңыз қандай құрметке де лайық, – деп аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Саламат Санақов пен Тасшағыл ауылдық округінің бас маманы Роллан Қуановты аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ, аудан басшысы жиынға қатысып отырған сала ардагерлеріне гүл шоғы мен естелік сыйлық табыс етті.

Одан әрі құттықтау сөз алған аудандық мәслихат хатшысы Толқын Бейсқали жұмыспен қамту орталығының маманы Жанбибі Иманалиеваға алғыс хат табыстаса, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Болат Салықов жұмыспен қамту орталығының ассистенті Саламат Сапаш пен бөлім қызметкері Ақберен Теңелбайды алғыс хатпен марапаттады. Жиын соңында әлеуметтік сала ардагерлері атынан Мысырғали Берденов сөз алып, барша әріптестерін мерекемен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.

Дулат МӘТЖАНОВ.

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


Қабдолова Әдемі

Қабдолова Әдемі Мирқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21