Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Еңбекақы екі есе өседі

Дүйсенбі күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Арман Баженовтың төрағалығымен мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын факторлы шкала негізінде жүзеге асыруды түсіндіру мақсатында семинар өткізілді.

Онда алдымен сөз алған аудан басшысы: – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Жолдауында әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы берудің жаңа жүйесін енгізуді тапсырды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде, Астана және Маңғыстау облыстарының әкімдіктерінде пилоттық режимде әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы берудің жаңа жүйесі енгізілді. Келер жылдан бастап еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін Атырау облысына енгізу жоспарлануда. Осыған сәйкес қазіргі уақыттан бастап аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызметшілерге қатысты мәліметтер жинақталуда. Бұл жобаны даярлау «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары шеңберінде 2015 жылдан бастап қолға алынды. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілердің жалақысы жұмыс тәжірибесі және атқарып отырған лауазымына қарай екі параметрмен төленуде. Сонымен қатар, атқарылған жұмыстың күрделілігі мен қызметкердің тиімділігі ескерілмей, бонустар, ынталандыру төлемдері бірдей мөлшерде берілді. Енді жаңа жүйе бойынша жоғарыда айтқан талаптар шешімін таппақ, – деді.

Жаңа жүйеде жыл соңында жұмыс нәтижесі бойынша қызметкерлерге бонустар беру де қарастырылған. Осылайша, бұл жүйе мемлекеттік қызметтің мәртебесін көтеріп, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға септігін тигізбек. Жалпы, алда мемлекеттік мекемеде жұмыс істеу бұдан да жауапты әрі абыройлы болмақ.

Гүлмира МАҚСОТҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521