banerkzbig

Ұланбасылар бас қосты

Жақында Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің акт залында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының аудандық слеті өтті.

Аудандық әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен өткен слетке аталмыш ұйымның облыстағы атқарушы хатшысы Марта Қанатова мен жас натуралист Айзада Сайлыбайқызы және аудан мектептерінен тәлімгерлер мен ұланбасылар қатысты. Шараны аудандық әдістемелік орталықтың әдіскері Злиха Беркенова құттықтау тілекпен ашып, слет жұмысына сәттілік тіледі.

Ашылу салтанатынан соң аудандық ішкі істер бөлімі ювеналды полиция тобының аға учаскелік инспекторы, полиция майоры Бекзат Байжан «Жасөпірімдер арасындағы құқық бұзушылық және оның алдын алу» тақырыбында баяндама жасады. Содан кейін слетке жиналған оқушылар полиция майорына көкейде жүрген сауалдарын қойып, өзара пікір алмасты. Пікір алмасу аяқталған соң слет жұмысы «Ұшқын» тәлімгерлер мен ұланбасылар сайысымен жалғасты. Сайыстың бірінші бөлімі «Жасұландық жарқын жол» аталып, онда қатысушы топтар қойылған ситуациялық сұрақтарға көрініс қою арқылы өз жауаптарын ұсынса, «Рухани қазына» аталған екінші бөлімде әр мектеп өздерінің руханият бағытындағы жобаларын қорғады. Слетті қорытындылаған «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының облыстағы атқарушы хатшысы Марта Қанатова үздік атанған мектептер мен жекелей оқушыларды марапаттады.

Дулат МӘТЖАН

Жарнама

antikorruptsiya

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig