Халық сенімі нығаюы тиіс

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті Жолдауында сот жүйесін одан әрі жетілдіріп, халықтың соттарға деген сенімінің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету қажеттігіне баса назар аударып, тапсырмалар берді.

Онда «Сот жұмысының заманауи форматтарын және озық электронды сервистер енгізуді жалғастырған жөн. Жыл сайын 4 миллион азаматымыз сотта қаралатын іске қатысады. Бұған қаншама күш пен қаражат жұмсалады. Уақыт пен ресурстардың орынсыз шығынын талап ететін артық сот рәсімдері қысқартылуы тиіс. Бұрын адамдардың жеке өздерінің келуі талап етілсе, қазір оны алыстан жүзеге асыруға болады. Сот жүйесінің сапалы дамуын және кадрларының жаңаруын қамтамасыз етіп, үздік заңгерлер судья болуға ұмтылатындай жағдай жасау керек. Әсіресе бизнес пен мемлекеттік құрылымдар арасындағы сот арқылы шешілетін дау-дамайды қарау кезінде түсінікті әрі болжамды сот тәжірибесі керек, сондай-ақ судьяларға заңсыз ықпал ету мүмкіндіктерін жою қажет. Жоғарғы сотқа Үкіметпен бірлесіп, жыл соңына дейін тиісті шаралар кешенін әзірлеуді тапсырамын», - делінген.

Сондай-ақ, Жолдауда «Smart сот», «Фронт-офис», «Татуласу: сотқа дейін, сотта», «Түнгі сот», «Виртуалды сот» атты пилоттық жобалардың жұмысын жандандыру керектігі атап көрсетілді. Аудандық сотта Жолдауды тыңдаған ұжым мүшелері оны іске асырудың жолдарын талқылады. Жалпы, халыққа сот қызметін ыңғайлы ету және сот ғимараттарының озық инфрақұрылымын жасақтау, сондай-ақ, озық электронды сервистер енгізуді жалғастыру, сот саласында қолға алынып жатырған барлық пилоттық жобалар халықтың сотқа деген сенімін арттырудағы тиімді шаралар. Сот жүйесіне жүктелген міндеттер мен «Сот жүйесінің жеті түйіні» жобасын жүзеге асыруға қатысты берілген тапсырмаларды аудандық сот ұжымы жүзеге асыруға кірісуде.

Базаргүл ӘБДУАЛИЕВА,

аудандық соттың бас маманы.

Редактор-Журналист

Күнтізбе

октября 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031