380 түп көшет отырғызылды

Өткен аптаның сенбісі күні облыс көлемінде ұйымдастырылған «Бір күндік ағаш отырғызу» акциясына аудан жұртшылығы да белсенділікпен қатысты.

Шара барысында барлық округтер өздеріне белгіленіп берілген тиесілі аумақтарға тал көшеттерін отырғызды. Нәтижесінде, мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары аудан бойынша 380 түп қарағай, үйеңкі, қаратал тұқымды көшеттерін мекемелердің айналасына, саябақтар мен өз аулаларына екті. Соның ішінде Миялы ауылында 90 түп қарағай көшеттері, Мұқыр ауылында 20 түп үйеңкі көшеттері отырғызылды. Акцияға қатысушылар күзгі тал егу жұмыстарын ауызбіршілікпен атқарды.

Бауыржан САҚТАСИНОВ.

Редактор-Журналист

Күнтізбе

октября 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031