Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Кемеңгер көшбасшы

Өскелең жастың тұлғасына қарап бой түзейтін, оның ертеңіне алаңдайтын, ғылыми өрісті дамытуды көздейтін сарабдал саясаткер, кемеңгер көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ елінің жүрегі іспеттес.

Осы орайда, Мемлекет басшысы болу – өте қиын шаруа екенін тілге тиек еткім келеді. Себебі, кейде жақын адамдардың өзі ортақ тіл табыса алмай қалады. Бүтін бір мемлекетті басқару, әртүрлі ұлт өкілдерінің басын қосу, бірлігін сақтау – кез келген басшының қолынан келе бермес машақатты іс. Осындай жауапты да қиын міндетте үлкен парасаттылық танытып жүрген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев – менің ұғымымда, кемеңгерлік пен даналық үлгісі.

Ел ертеңі жастардың білімі мен білігі, ары мен намысы, қайраты мен жігеріне байланысты. Көкейтесті мұратқа жету үшін терең білім, күш-қайрат, шыдам қажет. Ал, Н.Назарбаев үнемі ел жастарына сенім артып, олардың биік шыңдарды бағындырғанын қалайды. Осы тұста, Елбасының: «Тәуелсіз Қазақстанның жастары, нақ сендер елдің ең басты байлығы болып табылатындарыңды және біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының болашағы сендерге байланысты екенін есте ұстаңдар», – деген сөзін есте сақтағанымыз абзал. Сондай-ақ, Елбасының биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жастарға сенім білдіріп, келер жылды «Жастар жылы» деп атаған болатын. Үлкен арман, мақсатпен мектеп табалдырығынан қоғамдық өмірге қадам жасағалы тұрған біздер үшін бұл өте үлкен қуаныш әрі жауапкершілігі мол жыл болғалы тұр. Сондықтан да мен бұдан ел әдебиетін, тарихын терең меңгеріп, адамдық биік белесті бағындыруым керек екендігін сезіндім. Осы тұста, мен – ел ертеңімін, өз елімнің перзентімін. Мен қиындықта құрыштай шыныққан Н.Назарбаевтың өнегесін болашағыма бағдар етіп ұстаймын. Сонымен қатар, мен өзімнің достарым мен замандастарымның Елбасы саясатын қолдап, үнемі биіктерден көрінетініне сенемін.

Шұғыла ЕҢСЕП,

«Қызылқоға» газетінің жас тілшісі,

Тасшағыл орта мектебінің 11-сынып оқушысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521