banerkzbig

Көрісуде көп мән бар

Бүгін 14 наурыз қазақтың жыл санауы бойынша жаңа жылдың басталуы болып саналады.

Бұл күні қыстан аман-есен шыққан жұрт бір-бірінің үйін аралап, құшақтасып көрісіп, төс қағыстырады. Бұл дәстүр қазақы салты бұзылмаған Қызылқоға ауданында да кең көлемде аталып өтті. Бүгін күннің салқындығына қарамастан Миялы ауылындағы орталық көшеге адам көп жиналды. Жиналған жұрт бір-бірімен төс қағысып көрісіп, мәре-сәре болып жатты. Ортада ақшаңқай киіз үй тігіліп, көшеде жиналғандарға бауырсақ пен наурыз көже таратылды. Ал, сағат он кезінде мерекелік шара басталып, оны аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Тұрдағалиев құттықтау тілекпен ашты. Содан кейін ауыл келіндері үлкендерге сәлем салып, кішіліктің белгісін көрсетсе, ауыл ақсақалы Сайпол Мұқанов «Жыл құтты болсын» деп ақ батасын берді. Шара одан әрі оқушылар арасында асық ату, ләңгі тебу жарыстарымен және мерекелік концертпен жалғасын тапты.

Айта кетейік, көрісу күнгі мереке тек Миялыда емес барлық ауылдық округте жоғары дәржеде өтті.

Дулат МӘТЖАН

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig