Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«IQANAT» БОЛАШАҚҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ

Өткен аптада ұйымдастырылған «IQANAT» олимпиадасының аудандық кезеңіне 9 сыныптан 175 оқушы қатысты.

Олимпиада Х.Досмұхамедұлы және Б.Аманшин атындағы орта мектептердің базасында өтті. Ашылу салтанатында облыстық «IQANAT» қоғамдық қорының үйлестірушісі Сәуле Құбашева, өткен жылғы олимпиада жеңімпазы, «IQANAT» ағылшын-қазақ мектебінің грант иегері Абылай Тілепі сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Олимпиаданың ережесі бойынша оқушылар жаратылыстану бағытында математика, физика, гуманитарлық бағытта ағылшын тілі мен әдебиеті, эссе жазу бойынша бақтарын сынады. Олимпиаданың қорытындысы қарашаның 27 күні болады. Жеңімпаз болған оқушы «IQANAT» ағылшын-қазақ мектебінің грантын иеленеді.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521