banerkzbig

Қаржыгерлер бақ сынады

Бүгін 15 қараша Ұлттық валюта күніне орай Миялы спорт кешенінде қаржыгерлер арасында «Кім жылдам?» ойынынан командалық жарыс өтті.

Оған ауылдық округ әкімі аппараты есепшілерінен құралған «Қаржы» командасы, клубтар мен балабақша есепшілерінен құралған «Теңге» командасы, білім саласы есепшілерінен құралған «Валюта» командасы және аудандық бөлімдер есепшілерінен жасақталған «Бюджет» командасы қатысты.

arzhy2

Сайысты аудан әкімі аппаратының басшысы Асылбек Жанқуатов ашып, мерекеге орай Жаным Бердалиеваны аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттаса, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Құралай Сәлімгереева әріптестерін мерекемен құттықтап, сала ардагері Гулзура Кенжебековаға естелік сыйлық табыстады. Ашылу салтанатынан соң төрт кезеңнен тұратын жарыс басталды.

Командалар футбол добымен кедергілерден өту, баскетбол добын себетке салу, секіртпемен секіру, жылдам есеп шығару сынды сайыстар бойынша бақ сынады. Тартысты өткен сайыста бірінші орынды «Бюджет», екінші орынды «Валюта»,үшінші орынды «Теңге» командасы иеленсе, «Қаржы» командасы ынталандыру сыйлығына ие болды. Осылайша спорттық сайыста бақ сынаған қаржыгерлер төл мерекелерінде бір серпіліп қалды.

Дулат БЕРІКҰЛЫ

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig